Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Спорт / «Antidrug VolTeam» еріктілер лагері: Жастар есірткіге қарсы бірікті

«Antidrug VolTeam» еріктілер лагері: Жастар есірткіге қарсы бірікті

«Antidrug VolTeam» еріктілер лагері:

Жастар есірткіге қарсы бірікті

 

Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу» жобасы«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруымен «Саналы қоғам» қоғамдық қоры 2025 жылдың 4 шілдесінде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы «Жалын» жазғы демалыс лагерінде жастарға арналған ерекше жобалардың бірі – «Antidrug VolTeam» еріктілер лагері сәтті өтті. Аталған шара есірткіге қарсы күресті күшейту, жастардың белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Лагерьге Жетісу өңірінің әр ауданынан 50-ге жуық ерікті жастар қатысып, қоғамдағы аса өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықпен күрес бағытында өз белсенділіктерін көрсетті. Жастар тек тың ақпарат алып қана қоймай, көшбасшылық, командамен жұмыс істеу және салауатты өмір салтын дәріптеу бағыттарында практикалық тәжірибеден өтті.

Лагерьдің бір күндік бағдарламасы 10 түрлі қызықты әрі мазмұнды ойын мен жаттығудан тұрды. Олардың қатарында:

  •         «Аспандағы доп» – командалық пас ойыны,
  •         «Қол беру эстафетасы»,
  •         «Бірлік шеңбері»,
  •         «Дәлдік балы»,
  •         «Сегіздік секірмек»,
  •         «Дөңгелек доп»,
  •         «Дриблинг эстафетасы»,
  •         «Стильді эстафета» - және басқа да спорттық-көңілді ойындар ұйымдастырылды.

Ойындар арқылы жастар командалық рухты сезініп, көшбасшылық қасиеттерін дамытып, өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтты. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу әдістері, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының формалары, әлеуметтік желілерде антинаркотикалық насихат жүргізудің тәсілдері де практикалық мысалдармен түсіндірілді.

Лагерь барысында қатысушылар:

???? Салауатты өмір салтын насихаттауды үйренді

???? Қауіп-қатер факторларын анықтауды меңгерді

???? Көшбасшылық пен жауапкершілікті сезінді

???? Қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесіне ие болды

Лагерь соңында жастар «Біз – есірткіге қарсымыз! Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!» деген ұранмен рефлексия жасап, марапаттарға ие болды. Бұл ұран тек лагерьдің емес, әрбір еріктінің ішкі көзқарасына айналды.

«Antidrug VolTeam» – бұл жастардың бірігуі, мақсат жолындағы ынтымағы және қоғам игілігі үшін атқарған нақты қадамы. Мұндай форматтағы лагерьлер жастарды ынталандырып қана қоймай, оларды нақты қоғамдық өзгерістердің бастамашысы болуға жетелейді.

 

 

 

 

 

joomla 3.5