"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» хакатоны

«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» хакатоны

Жобаның мақсаты – тұрақты даму, ақпараттық технологиялар және білім беру салаларында жобалар прототиптерін әзірлеу, талантты жастар мен стартаптарды экологиялық трансформацияны қолдау, сондай-ақ білім беру процесстерінде жасыл технологиялар туралы хабардарлықты арттыру.
          Негізгі міндеті – инновациялық шешімдер әзірлеуге дайын, тұрақты

даму процесіне өз үлесін қосатын талантты жастарды біріктіру болып табылады.

Хакатон барысында қатысушылар белгілі бір уақыт ішінде командалық форматта нақты мәселелерге арналған жобалар, цифрлық шешімдер немесе әлеуметтік бастамалар әзірледі. Іс-шара жастар арасында кәсіпкерлік ойлау, технологиялық сауаттылық және командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

          Хакатон қорытындысы бойынша 9 топ бақ сынап, командалардан үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды және  І орын иегеріне республикалық деңгейдегі хакатонға қатысуға мүмкіндік берілді. Атап айтқанда III орын иегері Жоғарғы Тараз көпсалалы колледжінің «Империал» тобы, ал жүлделі II орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Ұшқын» тобы еншілесе, І орынды Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Алаш» тобы иеленіп, республикалық деңгейдегі хакатонға жолдама алды.

Жоба Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында өткізілді.

 

joomla 3.5