"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы арнайы роликтер түсірілді

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы арнайы роликтер түсірілді

         ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.

          Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.

Жоба аясында Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының тілдік және этникалық теңдікке байланысты заңдарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы арнайы роликтер сериясы түсірілді және «Taraz 24» телеарнасынан көрсетілімі өтті.

2024 жылғы 25 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Бүгін біз өз бетінше қазақ тілін жетік меңгеріп, оны қоғамда кеңінен насихаттап жүрген азаматтарды марапаттаймыз. Бұл өте пайдалы әрі саяси тұрғыдан маңызды жұмыс деп ойлаймын.» деп атап өткен болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында: «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты», - деді. 

Демек, Қазақстан халқының бірлігін бекемдеп, қоғамдық келісімді нығайта түсетін бірден бір фактор ол – мемлекеттік тіл.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, бейнероликтердің түсіріліміне қатысатын этнос өкілдерінің барлығы бір тілде, мемлекеттік тілде сөйледі.

joomla 3.5