М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бірлігі жарасқан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бірлігі жарасқан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Этносаралық келісімді нығайту және түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара түсіністікті арттыру мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бірлігі жарасқан» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Шара барысында қатысушылар Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын сақтаудың маңызы, ел дамуы жолындағы ұлтаралық келісімнің рөлі жайында ой бөлісті.
Дөңгелек үстелде еліміздің көпұлтты қоғам ретінде қалыптасуы, жастардың патриоттық сезімін арттыру және мәдени әралуандылықты құрметтеу мәселелері талқыланды. Спикерлер өз сөздерінде бейбітшілік пен өзара сыйластық — тұрақты дамудың басты кепілі екенін атап өтті.
Шара соңында қатысушылар этносаралық келісімді нығайту жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап, достық пен татулық рухын дәріптеуге шақырды.


16 Қазан 2025
23
25 Қараша 2024