”Storyline Connect” кездесуі
”Storyline Connect” кездесуі
Кездесу барысында жас мамандардың кәсіби дамуын қолдау мақсатында ”Storyline Connect” және ”Frame & Focus” атты тәжірибелік форматтағы кездесу-семинар ұйымдастырылды.
???? ”Storyline Connect” – мазмұн мен маман пікірін байланыстыратын платформа ретінде жас журналистер үшін өткізілді. Кездесуге медиа саласының жас маманы *Диана Қалманбаева* қатысып, журналистиканың өзекті бағыттары, ақпаратты саралау, сұхбат алу мәдениеті, фейк пен факт айырмашылығы, редакциялық этика мен өзекті тақырып таңдауы туралы жан-жақты тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар ашық пікір алмасып, нақты мысалдармен жұмыс жүргізді.
???? Кездесу барысында қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, өз жұмыстарын талқылауға мүмкіндік алды. Бұл шара болашақ медиа саласының өкілдеріне тың серпін беріп, кәсіби бағыттағы сенімділіктерін арттырды.
Іс шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде ұйымдастырылды.


13 Қазан 2025
30
25 Қараша 2024