"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат /  IdeaLab – Жобалық ойлау мектебі: Пікірсайыс клубы: құндылықтары мен ережесі

 IdeaLab – Жобалық ойлау мектебі: Пікірсайыс клубы: құндылықтары мен ережесі

Жобалық ойлау, командалық жұмыс пен жастар бастамаларын дамыту мақсатында «IdeaLab» шеңберінде кезекті шеберлік сыныбы өтті. Бұл жолғы тақырып – пікірсайыс мәдениеті мен клубтық құрылымның негіздері.

 Іс-шараға:
 Жамбыл облысындағы ЖОО және колледждердің пікірсайыс клубтарының жетекшілері мен үйлестірушілері
 Белсенді пікірсайысшылар
 Аудандық колледждер (онлайн режимде) қатысты.

Қатысушылар пікірсайыстың құндылықтық негіздері, форматтары, ұйымдастыру ережелері, сондай-ақ көшбасшылық пен шешендік дағдыларын дамыту жолдарын талқылады.

Шара барысында тәжірибе алмасу, жаңа бастамаларды бірігіп дамыту және республикалық қауымдастық құру бойынша ұсыныстар айтылды.

 Келесі шеберлік сыныптар мен идея марафондарынан қалмау үшін:
https://t.me/digital_bagyt

#IdeaLab #BAGYTHUB #Пікірсайыс2025 #ЖастарБастамасы #ЖамбылЖастары #DigitalBagyt #ЖобалықОйлау #ДебатМәдениеті

 

 

joomla 3.5