«Халықтар достығы: мәдениет және руханият» этно-мәдени фестивалі өтті!
«Халықтар достығы: мәдениет және руханият» этно-мәдени фестивалі өтті!
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Тараз қаласында этносаралық келісімді нығайту, түрлі халықтардың мәдени мұрасын насихаттау мақсатында «Халықтар достығы: мәдениет және руханият» атты этно-мәдени фестивалі ұйымдастырылды.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Бірлігі жарасқан” жобасы аясында өтті.
???? Өтетін орны: М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
???? Уақыты: 22 қазан 2025 жыл, 11:00
Фестивальге Жамбыл облысында тұратын түрлі этностар өкілдері қатысты, атап айтқанда:
• «Жамбыл облысы бойынша орыс қауымдастығы»
• «Ахыска» түрік этномәдени орталығы
• «Өзбек этномәдени бірлестігі»
• «Жамбыл облысы немістер қоғамы»
• «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі»
• «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталығы
???? Шара барысында әр ұлттың салт-дәстүрі мен өнері таныстырылып, сахналық қойылымдар мен ұлттық көріністер ұсынылды.
???? Фестиваль этностар арасындағы бірлікті, бейбітшілік пен рухани келісімді нығайтуға үлкен үлес қосты.
Іс шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде ұйымдастырылды.

25 Қазан 2025
41
25 Қараша 2024