“Өз үйіңді қорға” жобасы
2025 жылдың қазан айында “Өз үйіңді қорға” жобасы аясында Төтенше жағдайлар департаменті (ДЧС) өкілдерімен студенттердің кездесуі өтті. Бұл кездесу өрт қауіпсіздігінің алдын алу және жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ДЧС мамандары студенттерге өрттің шығу себептері, тұрмыстық жағдайда өрттен сақтану жолдары, эвакуация тәртібі мен алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, өрт сөндіру құрылғыларының түрлері мен оларды дұрыс пайдалану жолдары да көрсетілді.
Мамандар нақты мысалдар келтіре отырып, төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Бұл іс-шара жастардың өрт қауіпсіздігі туралы білімін арттырып, төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін нығайтуға бағытталды.
#CISCkz #ЦПГИкз #МКИ #ТЖВолонтерлік #ЧСВолонтерство #qogamgov #kz_nvs #amanprojectkz


06 Қараша 2025
46
25 Қараша 2024