Жастармен қауіпсіздік туралы ашық әңгіме: өрттің алдын алу және дұрыс әрекет ету дағдылары
2025 жылдың қазан айында “Өз үйіңді қорға” жобасы аясында оқу орындарында өрттің алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті (ДЧС) өкілдерімен студенттер арасында түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері, тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы өрт қаупі, төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігі жан-жақты түсіндірілді. ДЧС мамандары студенттерге өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерін көрсетіп, алғашқы көмек көрсету жолдары туралы айтты.
Мамандар өрт жағдайында сабыр сақтау, эвакуация тәртібі мен жедел қызметтерге дұрыс хабар беру жолдарын нақты мысалдармен түсіндірді. Сондай-ақ, жастардың белсенді сұрақтарына жауап беріп, қауіпті жағдайлардың алдын алудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бұл шара – жастар арасында қауіпсіздік ережелерін кеңінен насихаттап, төтенше жағдайлар кезіндегі жауапкершілік пен дұрыс әрекет ету мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.
#CISCkz #ЦПГИкз #МКИ #ТЖВолонтерлік #ЧСВолонтерство #qogamgov #kz_nvs #amanprojectkz

06 Қараша 2025
45
25 Қараша 2024