Талдықорған гарнизонында әскери қоян-қолтық ұрыс!
«Есіркісіз таза қоғам» жобасы аясында Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдері арасында әскери қоян‑қолтық ұрыс жарысы өтті .
Жарыстың мақсаты – жауынгерлік шеберлікті шыңдап қана қоймай, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру.
Гарнизон бөлімдерінің сарбаздары күш, ептілік және шыдамдылықтарын көрсетіп, көрермендерге рух сыйлады. Бұл жарыс жасөспірімдерге спорт пен әскери дайындықтың маңыздылығын ұғындырып, есірткісіз, таза қоғамға үн қосты .
Жеңімпаздар марапатталды, қатысушылардың барлығы ынталандыру сыйлықтарымен қуантылды.
#StreetWorkoutForLife #ЕсірткісізҚоғам #ТалдықорғанГарнизоны #СпортТәрбиесі #ЕсірткігеЖолЖоқ


25 Қараша 2025
36
25 Қараша 2024