"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Рухани жаңғыру / Жамбыл жерінде «Көне Тараз күмбірі» І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті

Жамбыл жерінде «Көне Тараз күмбірі» І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында 2019 жылдың      30 маусымында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың қолдауымен, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз күмбірі» І Республикалық  этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті.

Іс-шараҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын ілгерілету, мән-мағынасы терең, рухани-тәрбиелік маңызы жоғарыұмыт болып бара жатқан бабалар мұрасын қайта жаңғырту, , қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнерін, өңірімізден шыққан композиторлардың туындыларын насихаттау, фольклорлық ұжымдардың шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастырып тәжірбие алмасу, көне Тараз бен жаңарған Жамбыл өңірін айшықтайтын күйлер жинағын топтастыру, Жетісу әндерін жаңғырту, фольклорлық ансамбльдер мен әнші-термешілерді таныту, шеберліктерін шыңдау, дамыту, жаңа мейрам – Ұлт­тық домбыра күнін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған игі шара ауылдық елді-мекендердегі өнерпаз жастарды іріктеуден басталып, ағымдағы жылдың 30 мамырында бұл конкурстың облыстық кезеңіне 10 ансамбль қатысты. 

  1.     «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі. Жетекшісі: Сәуле Сүйенішбекова. Байзақ ауданы;
  2.     «Жеті Төбе»фольклорлық ансамблі. Жетекшісі: Индира Қадыралиева. Жамбыл ауданы;
  3.     «Қызғалдақ» халықтық ән-би ансамблі. Жетекшісі: Ришат Қуанышев. Жуалы ауданы;
  4.     «Ой жайлау» халықтық фольклорлық ансамблі. Жетекшісі: Ақбаян Бикешова. Қордай ауданы;
  5.     «Мойынқұм» ансамблі. Жетекшісі: Ғалымжан Етаей. Мойынқұм ауданы;
  6.     «Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі. Жетекшісі: Мариям Райымқұлова. Меркі ауданы;
  7.     «Сұлутөр» халықтық  ән-би ансамблі. Жетекшісі: Тыңжан Сайырманов. Рысбек Қадырқұлов. Т.Рысқұлов ауданы;
  8.     «Ұлбике» ансамблі. Жетекшісі: Асқар Жылқыбаев. Талас ауданы;
  9.     «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі. Жетекшісі: Әуесхан Келгенбаев. Шу ауданы;
  10.  «Тараз ғасыр» ансамблі. Жетекшісі: Төрехан Курпебаев; Тараз қаласы.

Үстіміздегі жылдың 6-24 мамыр аралығында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының музыканттары Мұқтарбай Рахманқұлов, Дастан Көреген, Дидар Басықараев және Адай Жұмат облыстық конкурста лауреат атанған 5 ансамбльді Республикалық кезеңге дайындап, шеберлік сағаттарын өткізді.

Киелі Әулиеата жерінде туған, елі­не күмбір күйлерін тарту еткен Ықылас Дүкенұлы, Кенен Әзірбаев, Әбдімомын Желдібаев, Садыхан Әубәкіров, Мәди Шаутиев, Байсерке Қылышұлы, Тұраш Әбуов, Алтынбек Қоразбаев, Боранқұл Қошмағанбетов, Аман Малдыбаев, Мұқтарбай Рахманқұлов, Ержан Рысметов, Талғат Орынтаев, Асыл Жыңғылбаев, Өмірғали Ертуған, Олжас Байбек және басқа да талант иелерінің мол мұрасы ұлтымыздың құндылықтарына айналып отыр.

Республикалық конкурстың баспасөз конференциясына БАҚ өкілдері мен бірге ансамбльдердің жетекшілері, қазылар алқасының мүшелері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры - Дәурен Жанашұлы Ғылымов, Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы, композитор - Әлқуат Дотаұлы Қазақбаев, күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері -  Ермұрат Үсенұлы Үсенов, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері - Әбдімомын Желдібаев қатысты.

Республикалық өнер додасында 16 ансамбль бақ сынасты. Олар:

  1.     «Тараз ғасыр» фольклорлық ансамблі – Тараз қаласы;
  2.      «Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі – Жамбыл облысы, Меркі ауданы;
  3.       «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі – Жамбыл облысы, Шу ауданы;
  4.     «Оқжетпес» фольклорлық ансамблі - Ақмола облысы;  
  5.      «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы - Нұр-Сұлтан қаласы;
  6.      «Жәдігер» этнографиялық ансамблі – Атырау қаласы;
  7.     «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы;
  8.      «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы;   
  9.      «Тұмар» фольклорлық ансамблі - Шымкент қаласы;
  10.                      «Алатау» фольклорлық ансамблі – Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы;
  11.                     «Айнакөл» фольклорлық ансамблі - Көкшетау қаласы;
  12.                     «Сарыарқа»  халық  музыка ансамблі - Нұр-Сұлтан қаласы;
  13.                    «Жігер» «Жігер» этно-фольклорлық тобы - Қызылорда облысы;
  14.                     «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы;   
  15.                    «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі - Шығыс Қазақстан облысы;
  16.                    «Қазақ елі» ансамблі – Тараз қаласы.

 

Концерт залының фойесінде «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» республикалық тарихи-мәдени қорық-мұражайының өңірдің тарихи, мәдени, рухани өмірінен сыр шертетін көрмесі жасақталды.  Көрмеге қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер (әшекей бұйымдар, ыдыстар, т.б.) қойылды.

Конкурстың салтанатты ашылуы облыстық қазақ драма театрының театрландырылған қойылымымен басталды. Қойылымда Ықылас, Жамбыл, Кенен және Нұрғиса бабаларымыздың бейнелері сомдалды. Сонымен қатар, «Тараздан тарту» атты би композициясы ұсынылды.

Конкурсқа қатысушы ансамбльдер 5 шығарма ұсынды:

1) Жамбыл облысынан шыққан композиторлардың күйі (Ықылас Дүкенұлы, Кенен Әзірбаев, Әбдімомын Желдібаев, Садыхан Әубәкіров, Мәди Шаутиев, Байсерке Қылышұлы, Тұраш Әбуов, Боранқұл Қошмағанбетов, Алтынбек Қоразбаев, Аман Молдыбаев, Мұқтарбай Рахманқұлов, Ержан Рысметов, Талғат Орынтаев, Асыл Жыңғылбаев, Өмірғали Ертуған, Олжас Байбек, т.б);

2) Көне Тараздың тарихын сипаттайтын жаңа туынды (1 күй немесе 1 шығарма);

3) Жетісу өлкесінің шығармаларын орындайды (ән, күй, аспапты сүйемелдеу).

Облысы әкімінің орынбасары С.Құрманбекова конкурсқа қатысқан ұжымдарға құттықтау тілегін жолдаса, қазылар алқасының төрағасы, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев шығармашылық табыстар тіледі. 

Бас жүлде – лауреат белгісі және 700 000 теңгенің сертификат иегері: «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы;

І орын - лауреат белгісі және 500 000 теңгенің сертификат иегері: «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы - Нұр-Сұлтан қаласы;

ІІ орын -  лауреат белгілер және 300 000 теңгенің сертификат иегерлері:

«Айнакөл» фольклорлық ансамблі - Көкшетау қаласы;

«Тұмар» фольклорлық ансамблі - Шымкент қаласы;

ІІІ орын - лауреат белгілері және 200 000 теңгенің сертификат иегерлері:

«Оқжетпес» фольклорлық ансамблі - Ақмола облысы;

«Тараз ғасыр» фольклорлық ансамблі – Тараз қаласы;

Арнайы жүлделер - дипломанттар және 100 000 теңге қаржылай сыйақының иегерлері:

«Ықылас Дүкенұлы» атындағы жүлде - «Жігер» этникалық тобы, Қызылорда облысы;

«Жамбыл Жабаев» атындағы жүлде - «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі,  Шығыс Қазақстан облысы;

«Кенен Әзірбаев» атындағы жүлде - «Алатау» фольклорлық ансамблі – Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы;

«Әбдімомын Желдібаев» атындағы жүлде - «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі, Жамбыл облысы, Шу ауданы;

Садыхан Әубәкіров» атындағы жүлде - «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы;

«Алтынбек Қоразбаев» атындағы жүлде -  «Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі, Жамбыл облысы, Меркі ауданы;

«Үздік шығарма» аранйы жүлде -  «Қазақ елі» ансамблі, Тараз қаласы;

«Көне Тараз күмбірі» арнайы жүлдесі - «Сарыарқа» халық  музыка ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласы;

 «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының» арнайы жүлдесі -  «Жәдігер» этнографиялық ансамблі, Атырау қаласы;

«Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының» арнайы жүлдесі - «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы.

Шара барысында «Баласағұн» ОКЗ-ның екінші қабатында өнер шеберлері мен облыс өнерпаздарының қатысуымен (500 адам) ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – халық мұрасы» атты домбыра party-ге жалғасты. 

Облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижеры, Халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқтар Рахманқұловтың дирижерлік етуімен Түркештің «Көңілашар» күйі, ҚР Мәдениет қайраткері Аман Молдыбаевтың бастамасымен «Көне Тараз» күйін, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаевпен бірлесе «Ерке сылқым» күйі, күй-тартысы, Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Сарыарқа» күйлері, бірлесіп орындалды. 

Конкурстың гала концертінде облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері мен жеңімпаз атанған ансамбльдер өнер көрсетіп, С.Кәрімбаевтың «Жамбыл жастар вальсі» әнімен іс-шараны аяқтады.  

 Шара нәтижесінде конкурсқа ұсынылған 17 күйдің «Көне Тараз күмбірі» атты партитуралар жинағы жарық көрді.

Жинақты шығаруға республикамыздағы дарынды композиторлар жұмылдырылды. Соған қоса, бұл партитуралардан өңдеушілердің жеке қол-таңбасы мен өзіндік мәнері байқалады. Жинаққа:

  1.     Айбол Құдайбергенов «КӨНЕ ТАРАЗ КҮМБІРІ»
  2.     Марат Бердіғұлов «ШАХРИСТАН»
  3.     Шолпан Қорғанбек «ТӨРТКҮЛ ТҮМЕНІ»
  4.     Марат Бердіғұлов «ӘУЛИЕАТА ТОЛҒАУЫ»
  5.     Қуаныш Ахметов «ҚАРАХАН БАТЫР»
  6.     Есжан Әміров «АЙША БИБІ»
  7.     Руслан Қойшыбаев «ҚАРАХАН БАБА»
  8.     Шолпан Қорғанбек «ҚАСИЕТТІ ТАРАЗ
  9.     Тоғжан Жахин «КЕНЕН АТА ІЗІМЕН»
  10.                    Ш.Қорғанбек «БАТЫР БАУЫРЖАН»
  11.                    Қалихан Сапаров «ТАРАЗ ТОЛҒАУЫ»
  12.                    Дулат Байзілдаев «АҚЫРТАС» күйі
  13.                    Ғибадат Тұрғалиев «ТАРИХИ ТАЛАС»
  14.                    Мұхтарбай Рахманқұлов «АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫ»
  15.                    Дүйсенәлі Бықыбаев «ДУЛАТ БАБА»
  16.                    Әбдімомын Желдібаев «ӘУЛИЕАТА»
  17.                    Аман Молдыбаев «КӨНЕ ТАРАЗ» күйлері енді.
  18.                     

Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне ұсыну үшін жарық көрген күйлердің партитуралар жинағы - музыка мамандары үшін ерекше оқиға.

 

Жинақ музыка саласының мамандарына арналған керемет тарту болды. Кәсіби күйшілермен қатар күй өнерімен әуестенушілерге де тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Арнайы музыкалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларына да берері мол.

«Көне Тараз күмбірі» атты партитуралар жинағының тұсауын қазылар алқасының төрағасы, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаев пен күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенұлы Үсеновқа кесіп, 220 өнерпазға Тараздан тарту етілді. Жинақтың алғашқы бетіне 17 күйдің аудио және электронды ноталары 2 дана СД болып тіркелді.

«Домбыра» ұлттық арнасы мен жергілікті телеарналар түсірілім жасап, БАҚ өкілдері мен қонақтар, қала тұрғындары зор ықыласын білдірді. Екі кезеңде өткен шараға 500-ге жуық өнерпаздар қатысып, 1850 көрермен тамашалады.