"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Рухани жаңғыру / «Он саусағың біріксе» атты техникалық мамандықтар арасындағы байқау

«Он саусағың біріксе» атты техникалық мамандықтар арасындағы байқау

        «Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде«Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Он саусағың біріксе» атты техникалық мамандықтар арасындағы байқау ұйымдастырылды. Байқауға техникалық мамандық студенттері мен жастары қатысты. Байқау 10 номинация бойынша өткізілді. Байқауға өтінмдер 30 қыркүйектен 4 қарашаға дейін қабылданды. Байқауға өтінімдер «Наубайқанашы», «Аспазшы», «Тігінші», «Дизайнер», «Қол өнер» сынды номинациялар бойынша 10 техникалық мамандықтардан қабылданған. Аталған байқаудың қазылар алқасы отырысы өткізіліп, байқаудың үздіктері анықталды.