"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Қордай ауданында "Достық" саябағы ашылды

Қордай ауданында "Достық" саябағы ашылды

Наурыз мерекесі қарсаңында Қордай ауданы орталығының батыс алқабында, ауыл ажарына сән берер саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Болатбек Байтөле, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі мен жастар қатысты.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында ауданның атқа мінер азаматтары мен кәсіпкерлердің қолдауымен салынған саябаққа «Достық» атауы берілді. Жалпы 7,4 гектар аумақты алып жатқан саябақ  мәдени іс-шаралар мен демалуға, серуендеуге арналған қоғамдық орын болмақ. Бұл қоғамдық орынның тағы бір ерекшелігі мұнда орталық алаңша, концерттік сахна мен стелла орнатылып, аллея мен субұрқақтар сән беріп, көз жауын аларына сенім мол. Сондай-ақ, зияттық ойын аймағы, балалар үшін ойын алаңшалары мен атракциондар салынбақ. Ал жастар мен ересектер үшінде жағдайдың барлығы жасалынады деп жоспарлануда. Соның бірі – спорттық жаттығу алаңы, құрылғылары, үстел ойындары, велосипед жолы мен жүгірушілер үшін қолайлы жағдай жасалынбақ. Мұнда дизайн бойынша көк шырша, боз арша, қарағай, талшын, емен, қайың, қызғалдақ, жөке ағашы мен үйеңкі секілді 800-ге жуық сәндік көшет отырғызылады. Жасылдандыру жоспары бойынша бүгінде жұмыс басталып үлгерді. «Достық» саябағының ашылу салтанатына келген көпшілік қоғамдық орынды жасылдандыру, көріктендіру жұмыстарын бастап та кетті.Бұл күні екі жүзге жуық көк шырша, қайың, қарағай, жөке ағаштары егілді. Әлі де саябақты көгалдандыру, көркейту мақсатында осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

joomla 3.5