"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / "Деструктивті діни ағымдарды алдын алу" атты кездесу

"Деструктивті діни ағымдарды алдын алу" атты кездесу

Бүгінгі таңда елімізде дін мәселесі өзекті мәселе болып табылады. Себебеі, қаншама ағаларасмыз, әпкелеріміз, іні, қарындастырымыз жат діни ағымдарға сенім жасап адасып жүрген жайы бар. Осыған орай аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тұрғындар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу» тақырынбындағы әлеуметтік мемлекеттік жобасының аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жоба аясында «М.Ауезов» атындағы орта мектебі, «Абылайхан» атындағы орта мектебі, «Ш.Уалиханов» атындағы мектеп-гимназиясы кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп оқушылары, мектеп қызметкерлері қатусымен өтті.

Деструктивті дін жайлы аудан тұрғындары, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесуге Облысымызға белгілі дін танышу Дәурен Құттыбаевты шақырылды. Ол жат діни ағымдар жайлы қысқа да нұсқа тоқталып ауыл жастары, ауыл тұрғындарына жат діни ағымдардың белгілерін, ұстанатын бағытын айтып  және жат діни ағымдардан қалай сақтану жолдарын түсіндіре отырып, өсіп келе жатқан жастарға әдеп, иман, тазалық жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осылайша ауыл тұрғындарымен жақсы кездесу өтіп, кездесу соңында тұрғындар өз пікірлерімен бөлісті.

joomla 3.5