"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам /  «Көтеріңкі көңіл күй» атты концерттік шара

«Көтеріңкі көңіл күй» атты концерттік шара

«Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде«Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып 2023 жылдың 11 қазан күні сағат 15:00-де «Асар» оңалту кешенінде «Көтеріңкі көңіл күй» атты Мүгедектер күніне арналған концерттік шара өткізілді. «Асар» оңалту кешенінде мүмкіндігі шектеулі жастар мен волонтерлар қосылып кішігірім концерттік шара өткізілді. Концерт барысында мүмкіндігі  шектеулі жастарға және волонтерларға арнап фуршет және алау ұйымдастырылды. Концертке 60-қа жуық мүмкіндігі шектеулі жастармен волонтерлар қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын білдіріп, осы сынды концерттік шаралар көбейсе көңіл күйлері көтерілетінін жеткізді.  

 

joomla 3.5