"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Жас келсе іске» атты конференция

«Жас келсе іске» атты конференция

«Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде«Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Жас келсе іске» атты конференция «Бақытты болашақ» оқушылар сарыйында өткізілді. Конференцияға жастар, волонтерлар, студенттер қатысты. Жоба мақсаты әр түрлі санаттағы жастар үшін волонтерлік қызмет, көшбасшылық тақырыптары бойынша  конференциялар өткізу. Аталған бағытта қонақ болып келген спикер өз ойымен бөлісіп, маркетинг, туризм, кәсіптегі қателіктер және кәсіптегі көсбасшылық, Тәуелсіз Қазақстанның даму жолы, ұрпақтар сабақтастығы, қоғам жөніндегі пікір айтылып, сұрақтар қойылды.

joomla 3.5