"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру"

"Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру"

Ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ауданда «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы жүзеге асырылуда. Жоба аясында аудан аумағындағы ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру кездесулер «Жемқорлықсыз болашақ» атты білім беру мекемелерінде (колледждер,мектептер) академиялық адалдық және парасаттылық бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда Тараз қаласынан заңгер мамандар тартылып ауылдық округтерде кездесулер өткізілуде.

 

joomla 3.5