"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Студенттерге жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Студенттерге жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен және «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Құлан ауылдық округінде орналасқан Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Құлан» агротехникалық жоғары колледжі қабырғасында суденттерге арналған  «Жемқорлықсыз болашақ» атты академиялық адалдық және парасаттылық бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Семинарға Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының Жетекші-заңгері, коучер Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылды. Данияр Маратұлы студенттерге өзінің студенттік өмірі жайлы бөлісіп, заң саласына қалай келгендігі, заң аясында студенттер қол жеткізе алатын мүмкіндіктермен және жемқорлықтың еліміздің болашағына және жастар болшағына қандай кері әсер ететіндігін мысалдар келтіре отырып жеткізді. Семинар соңында кері байланыс орнатылып студенттер қажетті сұрақтарына жауап алды.

joomla 3.5