"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ауданда «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы жүзеге асырылуда. Тапсырыс аясында «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен   аудан аумағындағы ауылдық округтерде ««Жемқорлықсыз болашақ» атты білім беру мекемелерінде академиялық адалдық және парасаттылық бойынша дәрістер мен семинарлар өткізілді. Смеминарлар атап айтқанда Құлан, Луговой, Көкдөнен, Көгершін, Құмарық, Ақыртөбе, Өрнек, Қайыңды, Тереңөзек, Ақниет ауылдарында мектеп қабырғаларында және колледж қабырғасында өткізілді. Жалпы жоба аясындағы іс-шараларға Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының Жетекші-заңгері, коучер Өмірбеков Данияр Маратұлы және заңгер Мамыш Дәурен Дастанұлы шақырылды.

joomla 3.5