"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

Ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ауданда «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы жүзеге асырылуда. Тапсырыс аясында «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен   аудан аумағындағы ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру кездесулер өткізілді. Кездесулер атап айтқанда Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан, Луговой, Көкдөнен, Көгершін, Құмарық, Ақыртөбе, Өрнек, Қайыңды, Тереңөзек, Ақниет, Ақбұлақ, Қорағаты, Абай, Қарақыстақ, Жаңатұрмыс ауылдарында мектеп қабырғаларында, бөбекжайларда, медициналық мекемелерінде жүргізілді.

joomla 3.5