"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Тайм – менеджмент»

«Тайм – менеджмент»

        Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Coworking» залында «Жастар бастамаларын қолдау» бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Тайм-менеджмент» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» NEET жастарымен жұмыс бөлімінің басшысы Даурен Мамыш Дастанұлы шақырылды. Кездесуге жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері және  жастар қатысты. Кездесу барысында Даурен Дастанұлы қазіргі таңда уақытты қалай үнемді жұмсау керектігін айтып өтті. Даурен Дастанұлы қатысушылардың көкей тесті сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушы жастар тарапынан көп сұрақтар туындап, әр сұраққа жеке жауап берген Даурен Дастанұлының сөйлеу шеберлігі мен берген ақпаратына қаныққан қатысушылар келесі кездесуді де асыға күтетінін жеткізді.

joomla 3.5