"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Нашақорлық ғасыр дерті

Нашақорлық ғасыр дерті

Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс – шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының үйымдастырыумен Жаңатас қаласы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде кездесу ұйымдастырылды. 

Жастарды нашақорлықтан алдын алу, есіртікі бизнесінің зияндығын, ұлттық спортты насихаттау мақсатында «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог Исақұлова Марал Хантөреқызы және «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиялы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төраға орынбасары Әбуғали Ерғали Рүстемұлы «Нашақорлық ғасыр дерті» тақырыбында тереңірек тоқталды. Қатысушылардың сұрақтарына жан – жақты жауап беріп, жастарды салауатты өмір салтына шақырды. Кездесу жоғарғы деңгейде өтті.  

joomla 3.5