"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Жастар нашақорлыққа қарсы

Жастар нашақорлыққа қарсы

Жастар нашақорлыққа қарсы

Нашақорлықты алдын алу мақсатындаСарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс – шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қоры жүзеге асырды. Жоба аясында Саудакент ауылы «Б.Қашқынбаев» атындағы орта мектебінде «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты кездесу өткізілді.

Есірткінің адам өміріне зияндығын, есірткі бизнесін алдыналу, есірткіге деген құмарлық, есірткі қолданатын адамның мінезін, іс әрекетін түсіндіру мақсатында «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог Исақұлова Марал Хантөреқызы және «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиялы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төраға орынбасары Әбуғали Ерғали Рүстемұлы түсіндірме жұмыстарын насихаттап, жан – жақты сұрақтарға жауап берді. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

joomla 3.5