"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Есірткі бизнесін алдын алу

Есірткі бизнесін алдын алу

Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Ұйым ауылы «Ы.Сүлейманов» атындағы орта мектебінде, оқушылармен кездесу өткізілді.

Нашақорлықтың адам өмірне зияндығын, есірткі бизнесін алдын алу мақсатында «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог Исақұлова Марал Хантөреқызы және «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиялы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төраға орынбасары Әбуғали Ерғали Рүстемұлы түсіндірме іс-шаралар өткізді. Іс – шара барысында нашақорлықтың адам зат баласына зияндығына тоқтала отырып, жан жақты сұрақтарға жауап берді.

joomla 3.5