"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Қарттарға қуаныш сыйла!

Қарттарға қуаныш сыйла!

Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы 8 қараша күні “Birgemiz: Qamqor” бағыты бойынша “Қарттарға қуаныш сыйла” атты №2қарттар үйіне барып мерекелік кеш өткізді. Іс шарада 8 волонтер өнер көрсетіп, 65 қарт кісілер қатысты. Қарттармен ойын ойнап, соңы бимен жалғасты.
«Біздің қарттарымызға осындай көтеріңкі көңіл сыйлағанның өзі бір мереке десе де болады. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, - деді №2 Қарттар үйіндегі мәдени іс-шаралардың ұйымдастырушылары. Жастарымыз бізді қуантады. Олардың әсерлі әндерін тыңдап, билерін тамашалап отырып, өмірдегі қиын кезеңдеріңді ұмытып та кетесің. Әлі де өмір сүргің келіп кетеді», - деді. Сонымен қатар апайымыз ұйымдастырушыларға мерекелік іс-шараға жиналған көрермендер атынан алғысын білдіріп, осындай кездесулер жиі өткізсін деген ұсынысын айтты.

joomla 3.5