"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Жемқорлықсыз болашақ» атты академиялық адалдық және парасаттылық бойынша семинарлар

«Жемқорлықсыз болашақ» атты академиялық адалдық және парасаттылық бойынша семинарлар

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен және «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  «Жемқорлықсыз болашақ» атты академиялық адалдық және парасаттылық бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда Ақниет ауылы, Ақыртөбе ауылы, Көгершін ауылы, Көкдөнен ауылы, Қайынды ауылы, Құмарық ауылы, Өрнек ауылдарында семинарлар өткізілді. Семинарға Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының Жетекші-заңгері, коучер Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылды. Данияр Маратұлы студенттерге өзінің студенттік өмірі жайлы бөлісіп, заң саласына қалай келгендігі, заң аясында студенттер қол жеткізе алатын мүмкіндіктермен және жемқорлықтың еліміздің болашағына және жастар болшағына қандай кері әсер ететіндігін мысалдар келтіре отырып жеткізді. Семинар соңында кері байланыс орнатылып студенттер қажетті сұрақтарына жауап алды.

joomla 3.5