"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Денсаулық / Жуалы дәрігерлеріне халық дән риза

Жуалы дәрігерлеріне халық дән риза

«Мен ауырған кезде аяққа тұрғызған жандар нашар қызмет ету мүмкін бе?» дәл осындай мәтінде Жуалы ауданының тұрғындары емдейтін дәрігерлеріне дән ризашылығын білдіруде.

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі Жуалы ауданды ауруханасында емалушыларымен сұқбаттасып сауалнама жүргізді. Ауруханадағы барлық ем алушылар аудандық дәрігерлер мен қызметкерлерге өз ризашылығын білдіруде. «Қазіргі кезде сәл сырқаттанып қалсақ дереу емдеп іске кірісетін дәрігерлерімізге алғыс білдіреміз. Мен ауырған кезде аяққа тұрғызған жандар нашар қызмет ету мүмкін бе?» деп өзінің ризашылығын Жәмилә әжеміз білдіруде. Бұл сауалнамаға аудан тұрғындары барынша белсенді ат салысып өз ойларын ортаға салды.

 

«Адырна – Таразы» жастар қоғамдық бірлетігінің мүшесі Жасұлан Нұрғалиұлы Пернеқұл