"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Мәдениет / Бірге үйренеміз

Бірге үйренеміз

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Достық үйі» кешенінде «Бірге үйренеміз» атты Мүмкіндігі шектеулі жастарға шығармашылығын дамыту мақсатында 3 мастер-класс өткізілді. Мастер-класс Сурет салудан, Қол өнерден, Тігін тігуден мүмкіндігі шектеулі жастар арасында  жүргізілді. Іс-шараға сурет салуды үйрететін, қол өнерді үйрететін, тігін тігуді үйрететін мастерлар келіп, барлығын мүмкіндігі шектеулі жастарға көрсетті. Мастер-классқа  60-қа жуық жастар қатысты. 

joomla 3.5