"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Мәдениет / Біздің әлем

Біздің әлем

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Достық үйі» кешенінде «Біздің әлем» атты Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет көрмесі өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі жастар суреттерін үйден салып келді. Жастардың суреттері ілініп, әр бала өз суретін конақтарға таныстырды. Көрме аясында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында  викториналық сұрақтар  жүргізілді. Әр дұрыс жауап берген жастарға естелік сыйлықтар табысталды. Көрмеге  20-ға жуық жастар қатысып, көрмені тамашалады. 

joomla 3.5