"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Мәдениет / Менің әлемім

Менің әлемім

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» кешенінде «Менің әлемім» атты Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында суретшілер байқауы өткізді. Мүмкіндігі шектеулі жастар суреттерін өз еркімен кез келген тақырыпта салып алып келеді. Байқау аясында мүмкіндігі шектеулі жастардың  суреттері ілініп, сурет көрмесін қала тұрғындары тамашалады. Қала тұрғындары ұнаған суреттеріне стикер арқылы бағасын берді. Осылайша байқау жеңімпазын анықтады. Байқауға 20-ға жуық жастар қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушылар қосымша сыйлықтарға және алғыс хаттарға ие болды. 

joomla 3.5