"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Мәдениет / Он саусағым біріксе

Он саусағым біріксе

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Асар» оңалту кешенінде «Он саусағым біріксе» атты Мүмкіндігі шектеулі жастарға шығармашылығын дамыту мақсатында қол-өнер байқауы ұйымдастырылды. Қол өнер байқауында Айдина Джакатаева өз білгенін мүмкіндігі шектеулі жастарға көрсетті. Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жастар өз қолдарымен шайырдан (смола) әдемі суреттер жасады. Олар үйренгендерін жасап, жастар арасында байқау өткізілді. Байқауға 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. 

joomla 3.5