"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Мәдениет / «Ардагерлерді ардақтайық»

«Ардагерлерді ардақтайық»

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы асяныда Т.Рысқұлов ауданы ардагерлері Түркістан қаласына туристік сапармен барып қайтты

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай Түркістан қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Екі күндік экскурсияға Т.Рысқұлов ауданының ардагерлері қатыстырылды. Экскурсияға қатысқан ауданның 50 ардагері екі күнге Құлан ауылынан Түркістан қаласына сапар шегіп, бірнеше тарихи, рухани кешендерді аралап қайтты. Атап айтсақ экскурсияның алғашқы күні ардагерлер Арыстанбаб кесенесіне барып, сол күні кешкі мезгілде кешкі Түркістан қаласына аралап, «Көне қалашық», «этно парк» сынды мәдени кешендерді аралап қайтты. Экскурсияның екінші күні Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, «Керуен сарай» сынды мәдени кешендерді аралап қайтты. Экскурсия соңында ардагерлерге естелік суреттермен қоса Түркістан қаласынан арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.

joomla 3.5