"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Руханият / Біліктілікті арттыру курсын тәмамдаған имамдарға сертификат табысталды

Біліктілікті арттыру курсын тәмамдаған имамдарға сертификат табысталды

Біліктілікті арттыру курсын тәмамдаған имамдарға сертификат табысталды
???? Халықпен күнделікті тығыз қарым-қатынас жасайтын имамдарға кәсіби біліктілік пен жан-жақты білімді болу өте маңызды.
〽️ Осы орайда аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жамбыл облыстық мешіттің наиб имамдары мен ұстаздары Нұралы Бақытұлы, Жарбол Ақжігіт, Ержан Аманбаевтың қатысуымен аудандық мешіт имамдарына арналған екі күндік біліктілікті арттыру семинары өтті.
✅ Имамдардың діни білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарда Ақида, Фиқһ сабақтары бойынша дәрістер оқылып, уағыздар айтылды.
⛔️ Шара соңында қысқа мерзімді курсқа қатысқан 15 имамға білікті арттыру курсының арнайы сертификаты табысталды.