"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Руханият / "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" облыстық этнос өкілдері арасында Тараз қаласында квест ойындары өтті.

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" облыстық этнос өкілдері арасында Тараз қаласында квест ойындары өтті.

 8 маусымда Облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында ауызбіршілік пен достық қарым-қатынасты насихаттауға арналған интеллектуалды облыстық «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» квест ойындарын өтті.
​Облыстық квест ойындарына Тараз қаласы мен аудандардан 17 команда қатысты.
5 кезеңнен тұратын квест ойындары қорытындысы бойынша І орынды Тараз-Туризм орталығының қызметкерлерінен құралған «Жауқазын» командасы (150 мың тг), ІІ орынды Шу ауданынан келген «Шу жастары» командасы (100 мың тг), ІІІ орынды Тараз қаласынан «Тараз жастары» мен «Найзағай Маквин» командалары (50 мың тг) иеленді
​Ал, интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін «Белсенді команда» номинациясына Байзақ ауданы жастарынан құралған команда алса, ал, «Креативті команда» номинациясына «Ассамблея жастары» командасы ие болып, 25 мың теңгеде ынталандыру сыйақылары берілді.