"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Руханият / «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты жастар арасында квест ойындары өтті

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты жастар арасында квест ойындары өтті

2023 жылғы 14 қыркүйекте Алматы облысы, Қонаев қаласында «Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының ұйымдастыруымен тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттауға арналған интеллектуалды квест ойыны өтті. Облыстық квест ойынына 11 команда қатысты. Интеллектуалды форматтағы квест ойыны 5 кезеңнен тұрды және Қазақстандағы мәдениет, қазақ жазушылары мен олардың басылымдары, әлем дәстүрлері, гуманизм, туған жердің тарихы және т. б. туралы сұрақтар қойылды. Квест ойынының қорытындысы бойынша І орынды «Жаңа Қазақстан» командасы (150 мың тг), ІІ орынды «Самға» және «Қонаев»командасы (100 мың тг), ІІІ орынды «Қарасай жастары» пен «Тұлрар» командалары (50 мың тг) иеленді. Ал, интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін «Үздік топ» номинациясын «Бірлік» және «Жан досым» командалары 25 мың теңгеден ынталандыру сыйақыларын алды. Сонымен қатар, Алматы облысының жастарынан осы квест ойындарының тағыда өтуін ұсыныс ретінде айтты..