"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Руханият / «Қылмыс ұлтқа бөлінбейді» тақырыбында конфликтологпен семинарлар өтті

«Қылмыс ұлтқа бөлінбейді» тақырыбында конфликтологпен семинарлар өтті

Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттау мақсатында «Қылмыс ұлтқа бөлінбейді» тақырыбында семинарлар Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Жамбыл медициналық жоғары колледжі, «Тараз-Болашақ» медициналық жоғары колледжі мен Алматы облысы, Қаскелең гуманитарлық техникалық колледжі, Жетісу гумманитарлық-техникалық колледжі және Түркістан облысы Халықаралық меймандостық университетінде конфликтологпен семианарлар өтті.

Семинарлар құқық қорғау саласында қызмет ететін азаматтарға, ЖОО оқитын студенттерге этносаралық инциденттер мен қақтығыстар туындаған кезде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарды Психология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), бір монография, үш оқу құралы (Конфликтология, Қарым-қатынас психологиясы, кәсіби іс-әрекет психологиясы), үш оқу-әдістемелік нұсқаулық, алты әдістемелік құрал, жүзден астам ғылыми мақалалар авторы Тұрдалиева Шолпан Тұрсынбайқызы жүргізді.