"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Руханият

Руханият
Құрбан айт мерекесіне орай кіші футболдан аудандық турнир өтті
⚽️????‍♂️ Құрбан айт мерекесіне орай аудан көлеміндегі мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.
???????? Бейбітшілік пен татулықты, мейірімділікке баулыған асыл дінімізді қадір тұтуға бағытталған турнирдің ашылу салтанатына Сарысу аудандық мешітінің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев қатысып, қатысушы командаларды айтулы мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
✅ Әрі қарай 8 командадан құралған құрам өзара үздіктерді анықтап, тартысты ойын өткізді.
???? Нәтижесінде «Дегерес Мешіті жамағаты», «Аудандық мешіт жастары», «Аудандық мешіт жамағаты» командалары үздік үштіктен көрінсе, «Үздік қақпашы» мен «Үздік капитан» номинацияларын Алмат Аманбаев пен Аманғали Қабдушев иеленді.
????✉️ Доп додасының жабылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев жиналғандарды мерекемен құттықтап, жүлделі орынды иеленген командаларға грамоталармен қатар демеушілер тарапынан ұсынылған қаржылай сыйлықтарын табыстады.

 

ҚАЖД мекемелеріндегі түсіндіру жұмыстары

Жамбыл облысында «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтар арасында радикалдық діни идеологияға қарсы бейімдеу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен жеке нүктелі жұмыстар жүргізу. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысындағы білікті теологтардан құралған 10 адам, арнайы  кестеге сәйкес, Тараз қаласындағы түзету мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын бастап кетті. Аталмыш жұмыс бір реттік шара емес, жыл соңына дейін тұрақты түрде өз  жалғасын табатынын атап өтті. Жоба «Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы шеңберінде «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілуде. Ата кететін жайт «Жаңа-Ру» ұйымы дін саласында көп жылдық тәжірибесі бар республика көлемінде әлеуметтік жобаларды табысты жүзеге асырып жүрген ұйымдасдың бірі екендіні де аталып өтілді.

Жоба аясында алдағы уақытта ҚАЖД мемемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикаға танымал теолог-мамандар, тарихшылармен психологтар жобаға шақырылып, жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында «Ұлты басқа, тілегі бір» жобасы аясында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы, Гродеково, Қызылқайнар, Ақбұлым ауылдарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, Тіл үйренудің тиімді тәсілдері түсіндірілді түсіндірілді. Кездесу барысынында Жоба жетекшісі Асхат Олжабай мемлекеттік тілді меңгеру арқылы мол мүмкіндіктерге жаңа есіктер ашуға болатынын айтты. Кездесу барысында қазақ тілін онлайн және офлайн тегін үйрететін курстар бар екендігі, оларға қалай жазылуға болатығы туралы тұрғындарға ақпараттар берілді.

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Тұрғындардың арасында, әсіресе жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкеледі. Мұндай соқыр сенім діни фундаментализмнің, сәйкесінше діни фанатизмнің алғышарттары болуда. Фундаменталисттік көңіл-күй экстремизмге апарар жол, өйткені экстремисттік пайымда өзінің ғана діни ұстанымы ең шынайы, ақиқат әрі таза деп ұғынылады. Сәйкесінше, өзге дін өкілдеріне төзімсіздік, қысым көрсету секілді көңіл-күй туындайды. Мұндай ұстаным өз сенімін, көзқарасын мейлінше кең тарату, қажет болса күштеп таңу әрекетіне саяды. Осы жағдайда, діни мотивтегі терроризм көрінісі мен оның өкінішіті салдары орын алуда.

Сол себепті, мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ. Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Бұл бағытта, заңдар қайта қаралып, толықтырылды, арнаулы орталықтар құрылды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Алайда, діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі-бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез-келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын көреді. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрдің ислам шарттарына қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын байқау үшін де асқан сауаттылықтың қажеті жоқ.

Қазақстанда қалыптасқан дінаралық келісім татулықты сақтау мен келер ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосар болса, өз кезегінде еркін әрі қызығушылықпен жинақталған білім мен тәжірибе өмір соқпақтарында сүрінбеудің кепілі.

 

 

Серікбол БЕРІКҚОЖА

Тараз қалалық мәслихатының депутаты,

заң ғылымдарының магистрі

2 бет. Барлығы: 2