"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Таразда «Еңбек жетістіктің кілті» атты еңбек ұжымдарының форумы өтті.

Таразда «Еңбек жетістіктің кілті» атты еңбек ұжымдарының форумы өтті.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық "Жаңа-Ру" жастары коалициясының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасын жүзеге асыру барысында, Таразда «Еңбек жетістіктің кілті» атты еңбек ұжымдарының форумы өтті.

​2023 жылғы 30 қазанда Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залында «Еңбек жетістіктің кілті» атты еңбек ұжымдарының форумы өтті.
​Өңірлік форум әр этностың ерекшелігіне, ата кәсібіне негізделген кәсіптерінің қыр сырымен танысу, өзге азаматтардың сол кәсіпке қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.
​Форумға Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстыры мен Шымкент, Алматы қалаларынан 10-нан аса әр түрлі саланың еңбек ұжымдары қатысты.
Өңірлік форум қатысушылары еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту пікір алмасып, ұсыныстарыңды тыңдауға жиналды.
Алғашқы сөз Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Әбді Бекжан Нұрланұлына берілді.
Бекжан Нұрланұлының айтуынша мекемелерде жалақыны уақтылы бермеу, жұмыстан шыққан қызметкерге өтемақыны кешіктіру және заңсыз тәртіптік жазаға тарту мәселелері жиі кездеседі екен.
Сондықтан 5 басшыға ескерту жасалып, 9 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын. Жұмыс берушілерге 3 млн теңгеге жуық айыппұл салғанын және халық e-Otinish бойынша немесе өздері басқармаға кеп арыздана алатынын, сол арқылы жоспардан тыс тексеру тағайындап, бұзылған құқықтарын қорғайтынын, жазатайым оқиға орын алған кезде еңбек инспекторларымен жасыру фактілері орын алып жататынын айтты.
Сондай ақ, Минералды тыңайтқыштар зауыты «Казфосфат» ЖШС-нің бас механик бөлімінің жетекші инженері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қарғабаев Тілектес Алдахметұлы мен Минералды тыңайтқыштар зауыты «Казфосфат» ЖШС-нің жөндеу қызметінің электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электромонтер, «Еңбек даңқы» медалінің иегері Қосалиев Мәлік Сәкенұлы сөз сөйлеп өз саласының қыр сырымен бөлісті.
Сонымен қатар, ҚР Еңбек сіңірген агрономы осы салада 38 жылдық тәжірибесі бар Шымкент қаласының агрономы Бауыржан Сатыбалды мен Мұнай мен газды қайта өңдеу ғылымының докторы, технолог, профессор, тұзды және мұнаймен ластанған жерлерді мелиорациялау бойынша ғылым магистрі Егембердиев Дәулет Қанатұлы және Алматы қаласының кәсіпкері, «Орда» бизнес клубының басшысы және негізін қалаушы Мирас Ералиев пен «АЖУР және ЭЛУР KZ» шығармашылық студиясының серіктесі Машарипова Эльмира Уразбайқызы өз кәсіптерінің қыр сырымен бөлісті.
Жамбыл облыстық экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор жөніндегі кеңестің мүшесі Дайрабекова Фарида ұсыныс айтты.
Форумда еңбек ұжымдарына қатысты қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

 

joomla 3.5