"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Спорт / Таразда «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» атты конференция өтті

Таразда «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» атты конференция өтті

Тараз қаласы “Достық үйінде” Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

 

Шараның негізгі мақсаты – қазіргі заманғы мәдени-экономикалық орталықты қалыптастыру кезіндегі Тараз қаласының тарихи мұрасын зерделеу, жергілікті тарихты зерттеу жұмыстарында тәжірибе алмасу үшін ақпараттық ғылыми платформа құру.

Конференция жұмысына облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали модераторлық етті.

Сондай-ақ, іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік ӘбдіғалиұлыЛ.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Досымбаева Айман Медеубайқызы, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің төрағасы Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы, «Қазархеология» ЖШС директоры Смаилов Жұман Егінбайұлы, сондай-ақ, облыстың белді жоғары оқу орындары – М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТарМПУ және ТИГУ  ғалымдары шақырылды.

Жиын соңында бірқатар азаматтар “Алаштың 100 жылдығы” төсбелгісімен марапатталды.

joomla 3.5