"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Мерейлі отбасы - 2024

Мерейлі отбасы - 2024

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық жеңімпаздарының марапаттау рәсімін өткізді. Мақсаты - Отбасындағы құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттауға, шығармашылығын шыңдауға, отбасылық институтты, адамгершілікті, рухани құндылықтарды нығайтып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыруға, отбасындағы ең бағалы дәстүр-дағдыларды өскелең ұрпаққа ұғындырып, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау бойынша өткен конкурстың жеңімпаздарын марапаттау.

Өнегелі отбасылар ма­ра­­пат­тауда  ән шыр­қалып, күм­бірлеген күй төгілді. Мерейлі отбасы ұлттық конкурсында байқаудың шар­ты бо­йынша жүзден жүй­рік шыққан «Рақышевтар» отбасы жүлделі 3-орын иегері атанды. Мерейлі отбасы ұлттық конкурсында байқаудың шар­ты бо­йынша жүзден жүй­рік шығып «Асқар» әулиеті 2-орын иегері атанды. Мерейлі отбасы ұлттық конкурсында байқаудың шар­ты бо­йынша жүзден жүй­рік шығып «Өмірбаевтар» отбасы жүлделі 1-орын иегері атанды. Барлық жүлдегерлер марапат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

joomla 3.5