Мерейлі отбасы - 2024
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық жеңімпаздарының марапаттау рәсімін өткізді. Мақсаты - Отбасындағы құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттауға, шығармашылығын шыңдауға, отбасылық институтты, адамгершілікті, рухани құндылықтарды нығайтып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыруға, отбасындағы ең бағалы дәстүр-дағдыларды өскелең ұрпаққа ұғындырып, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау бойынша өткен конкурстың жеңімпаздарын марапаттау.
Өнегелі отбасылар марапаттауда ән шырқалып, күмбірлеген күй төгілді. Мерейлі отбасы ұлттық конкурсында байқаудың шарты бойынша жүзден жүйрік шыққан «Рақышевтар» отбасы жүлделі 3-орын иегері атанды. Мерейлі отбасы ұлттық конкурсында байқаудың шарты бойынша жүзден жүйрік шығып «Асқар» әулиеті 2-орын иегері атанды. Мерейлі отбасы ұлттық конкурсында байқаудың шарты бойынша жүзден жүйрік шығып «Өмірбаевтар» отбасы жүлделі 1-орын иегері атанды. Барлық жүлдегерлер марапат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.