Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам /  ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

2025 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде өңірде адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т.Қуанышевтың төрағалығымен өткен Сараптамалық кеңес отырысына Жамбыл облысы бойынша Ұлттық превентивтік тетіктің жетекшісі Д.Р.Халидов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының директоры Қ.Е.Төлендиев, «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы, ORDA.kz сайтының тілшісі И.Дастан, «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ басшысы, Қоғамдық кеңес мүшесі Ә.М.Даулетбаева, кәсіби медиатор, «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» ҚБ төрайымы И.Г.Федорова, «Шапағат» корпоративтік қорының басшысы С.М.Нурматова, Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Б.Атенов, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Қ.Мұқанов, Жамбыл облысы ПД ҚҚБ ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры А.Ж. Пирматов,  облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның хатшысы Қ.Ә.Салықбаева қатысты.
Кеңес барысында қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқық бұзушылықтарды болдырмау, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес және БАҚ арқылы құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері көтерілді. "Заң және тәртіп" қағидасының маңыздылығы да атап өтілді. Қоғамда әділдік пен құқық үстемдігін орнатуда бұл қағиданың рөлі ерекше екені айтылды. Сарапшылар мен қонақтар осы бағытта мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның үйлесімді жұмысы қажет екенін жеткізді.
2026 жылға арналған жұмыс жоспары жобасы талқыланып, оған азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізілді. Кеңес мүшелері жоспарды пысықтап, бекітуге ұсыну үшін қажетті шаралар қабылданатынына тоқталды.
Жиынды қорыта келе, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін сарапшыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, адам құқықтарын ілгерілету ісінде жүйелі серіктестіктің жалғасатынын атап өтті. Сараптамалық кеңес жұмысы өңірде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды алаң ретінде өз тиімділігін көрсетіп келеді.
қатысқандары үшін алғыс білдіріп, адам құқықтарын ілгерілету ісінде жүйелі серіктестіктің жалғасатынын атап өтті. Сараптамалық кеңес жұмысы өңірде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды алаң ретінде өз тиімділігін көрсетіп келеді.

joomla 3.5