Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Т.Рысқұлов ауданының имамдары арнайы семинарға қатысты

Т.Рысқұлов ауданының имамдары арнайы семинарға қатысты

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан
«Т. Рысқұлов ауданында білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» жобасы аясындааудан имамдарының біліктілігін арттыру, діни ахуалды зерделеу және діни саладағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында өтті.Семинар барысында ауданның қазіргі діни жағдайы, мешіттердің қызметі, діни тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту мәселелері сөз қозғалды. Сонымен қатар, діни қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын түрлі ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелер, жергілікті жерлердегі діни ахуалдың ерекшеліктері, тұрғындармен, әсіресе жастармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы талқыланды.

Іс-шараны Тараз қаласының бас имамы, дінтанушы Аманбаев Ержан Маханұлы және дінтанушы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы жүргізді. Семинар спикерлері өз баяндамаларында діни қызметкерлердің қоғамдағы рөліне, имамдардың жауапкершілігіне, діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, діни радикализм мен теріс ағымдардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жалпы шолу жасаСеминар аясында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тәжірибе алмасу жүргізілді. Іс-шара аудан имамдарының кәсіби әлеуетін арттыруға, діни қызметтің сапасын жақсартуға және аудан көлеміндегі діни тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.

joomla 3.5