Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Ауданда ақпараттық билбордтар орналастырылды

Ауданда ақпараттық билбордтар орналастырылды

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан
«Т. Рысқұлов ауданында білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және дұрыс ақпарат көздерін насихаттау мақсатында 2 ақпараттық билборд әзірленді.

Аталған билбордтарда тұрғындар үшін нақты әрі сенімді ақпарат көздері, ресми сайттар, діни мәселелер бойынша кеңес алуға болатын ұйымдардың байланыс деректері, сондай-ақ қажетті байланыс нөмірлері көрсетілді. Билбордтардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын күмәнді және бейресми діни ақпарат көздерінен сақтандыру, ресми әрі тексерілген ақпаратқа бағыттау, сондай-ақ діни сұрақтар туындаған жағдайда жүгінуге болатын мекемелер туралы хабардар ету болып табылады.

Ақпараттық материалдарда діни сауаттылықты арттыруға бағытталған қысқаша түсіндірмелер беріліп, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттайтын ресурстар ұсынылды. Сонымен қатар, жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында азаматтарға дер кезінде кеңес алу және көмекке жүгіну мүмкіндіктері көрсетілді.

Дайындалған билбордтар халық көп шоғырланатын орындарға орналастырылып, кең аудиторияны қамтуға бағытталды. Бұл бастама аудан тұрғындарының діни ақпаратты дұрыс қабылдауына, діни мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға және жалпы аудан көлеміндегі діни тұрақтылықты нығайтуға оң әсерін тигізді.

joomla 3.5