Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / «AUYLJASQUIZ» интеллектуалды ойынының IV кезеңі өтті

«AUYLJASQUIZ» интеллектуалды ойынының IV кезеңі өтті

«Ауыл» партиясы жанындағы Жамбыл облыстық «Ауыл жастары» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Шу қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бірлесуімен және Шу ауданы әкімдігінің қолдауымен «AUYLJASQUIZ» интеллектуалды ойынының IV кезеңі жоғары деңгейде өткізілді.

Аталған зияткерлік сайысқа ауданның белсенді жастары қатысып, өздерінің білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Ойын барысында қатысушылар түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен командалық ынтымақтастықтарын көрсетті.

IV кезеңнің қорытындысы бойынша 7 команда бақ сынап, тартысты дода нәтижесінде Әл-Фараби атындағы орта мектеп командасы ІІІ орынды иеленді. Д. Қонаев атындағы орта мектеп командасы ІІ орынға тұрақтаса, А.С. Макаренко атындағы орта мектеп командасы үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Атап айтқанда, ІІІ орын иегерлеріне 50 000 теңге, ІІ орын иегерлеріне 70 000 теңге және І орын иегерлеріне 100 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

Осындай танымдық әрі зияткерлік жобалар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

 

  

joomla 3.5