Сарысу ауданындағы Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу
Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу
Жамбыл облысы Сарысу ауданында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандағыақсақалдар қауымдастығының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер басшылары, қоғам белсенділері барша азаматтық сектор өкілдері жиналды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ермағанбетов арнайы қатысып, қоғам белсенділерінің сұрақтарына жауап беріп ұсыныстарын қабыл алды.
Кездесуге үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша тәжірибелі маман, республикалық әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүргізіп жүрген Асхат Олжабай «Әлеуметтік маңызы бар жобалармен жұмыс жүргізу» тақырында өз презентациясын түсіндірп өтті. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына толық әрі нақты түсіндіре отыра жауап беріп өтті.
Кездесу Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.