"Құқықтарды сақтау мәселелерін түсіндіру" бойынша аудандық семинар
«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданында ауқымды іс-шаралар кешені жүргізілді.
Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың 9-ыншы қыркүйегінде Байқаз ауданында С.Абланов орта мектебімен бірлесе “Құқық қорғау және уәкілетті органдардың, құзыретті әлеуметтік қызметшілердің, ҮЕҰ-дың өкілдерін және психологтарды (осы бағытта тұрақты түрде жұмыс жасап жүрген білікті психологтар) тарта отырып, аудан жастарына арналған отбасылық құндылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, балалар мен әйелдердің құқықтарын сақтау мәселелерін түсіндіру“ бойынша аудандық семинар өткізілді.