«Жастар таза қала үшін» атты сенбілік
«Жастар таза қала үшін» атты сенбілік
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында Тараз қаласының жастарын, студенттерін, жоғары сынып оқушыларын тарта отырып, саябақтар мен скверлерді абаттандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қаламыздағы студенттермен еріктілер тартылды. Сенбілік барысында қоғамдық орындар, саябақтар, оқу орындарының аулалары тазаланды. Сенбілік әр қатысушының алдымен өз ауласын тазалаумен басталып, жастардың қаламыздың келбетіне, тазалығына бей-жәй қарамайтындығын дәлелдеп өтті. Сенбілік барысында жастардың бірліктерінің арқасында аз уақыттын ішінде бірнеше үйдің ауласымен арықтары, оқу орнының алаңы қоқыстан тазартылып, қаламызға кішкене болсын әрлене түсті.
Сенбілік бұл бір реттік шара емес тұрақты түрде күзгі тазалық маусымында жалғасатын жұмыс. Жастарымыз алдағы уақыттада қала тазалығына баса назар аударып сенбіліктерге белсенді қатысады деп сенеміз.
Қала тазалығы қаланың кез-келген тұрғынының міндеті екендігін естерімізден шығармағанымыз жөн.