Ескінің үні - жастарға өнеге
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы "жастар ресурстық орталығы" КММ волонтерлерінің ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі талантты қариялардың уақытын тиімді пайдалану, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында "Ерекше ансамбль" жобасы өз жұмысын бастауда. Жобаға 10-ға жуық белсенді волонтер қатысып, қариялармен бірлесе домбыра, гитара музыкалық аспаптарын сүйемелдеу арқылы өлең айтып, қазақи ұмыт боылп бара жатқан өлеңдерді еске түсіруді жөн деп шешті.
Осынау жобаның барысында қызықты сәттермен бөліскен жоба жетекшісі Әбуәлі Мұхтарәлі былай деді: "Негізі музыка және ән әрбір жанның моральідк қатерін емдейтін үлкен бір қозғаушы күш болып табылады. Әсіресе егде жастағы, жалғызбасты ата-әжелеріміздің көңілін аулап, бойларын көтергізім, ойларын бөлетін бірден бір жоба осы болды. Мұнда біз таланты бар қарияларды кездестірдік. Біздің балалар ол кісілерден ескінің әуендірін үйреніп, нақты ырғағының қалай естілетінін көрді. Алдағы уақытта осы жобаны жиі өткізіп тұрған дұрыс деген ойға келдік".