Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / ULTTYQ KERUEN жобасы жүзеге асуда

ULTTYQ KERUEN жобасы жүзеге асуда

Тараз қаласы тұрғындары арасында қазақи нақыштағы жобаға өз жұмысын жалғастыруда. Жолаушыларға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар қызықты деп бағалануда. Кезекті жолаушымыз Амантай Қайнар өз пікірімен бөлісе кетті: Көшеде такси тоқтатып тұрып, осы жігіттер тоқтағанда бірқызық сезімде болдым. Басында тегін апарып саламыз, отырыңыз дегенде түсінбедім. Сосын, көлікке отырып, мән жайды түсіндіргеннен кейін бағымды сынап көруді жөн шештім. Мектеп қабырғасынан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәніне жақын болып, қазақи салт дәстүрлерді жақсы білетінмін. Осы жолы да маған қойылған сұрақтардың барлығына жауап беріп, жобаның тарихында қалдыңыз деген жылы лебізге ие болдым.

Жалпы жоба қатты ұнады. Жолаушылардың көңіл күйін аулап, стрессті жағдайда тұрған жолаушылардың психолоигялық жай күйін жақсартуға өте керемет амал екен. Бұндай жобалар алдағы уақытта жиі орын алады деген сенімдемін.

joomla 3.5